📢 АШУРА КҮНІ ОРАЗАСЫ 📢
(Ескерту Қыркүйек айының 19,20,21 күні яғни 3 күн ұстауға болады)
Ашура – мұхаррам айының оныншы күні. Бұл күні ораза тұту – үлкен сауап.
Пайғамбарымыз (ﷺ) ораза ұстаған.
Бұған байланысты Имам Бұхаридің хадистер жинағында орын алған бір хадисте
Сахаба Муғауия (رضي الله عنه) риуаят етуі бойынша,
Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген екен:
«Бұл күн – Ашура күні. Ашура күні Ораза ұстауды Алла тағала сендерге
парыз етпеді. Бірақ менің аузым берік. Ораза ұстағысы келген ұстасын,
ұстағысы келмеген ұстамасын».
📗 "Бұхари" хадистер жинағы
Сахабалар да осы күні ораза ұстаған. Олар тек өздері ауыз бекітіп қоймай, жас балаларын да осынау сауапты іске баулитын.
Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты:
«Рамазан айының оразасынан кейінгі ең жақсы ораза, ол Алланың айы әл-Мухаррамда ұстаған ораза»
📗Муслим 1163
Бұл күні ұстаған оразаның қадірі жайлы мына хадистен түсінеміз
Сахаба Әбу Қатада (رضي الله عنه) жеткізген хадисте,
Алла елшісі (ﷺ) былай деген:
«Ашура күніндегі ораза өткен жылғы күнәларды өтейді деп Аллаға үміт етемін!»
📗Муслим 1162
Сахаба Ибн Аббастан (رضي الله عنه) ашура оразасы жайлы сұрағанда:
«Алла Елшісінің (ﷺ) бұл күнді өзге күндерден және бұл айды өзге айлардан артық көріп тұтқан басқа оразасын көргенім жоқ», – деп айтқан екен.
📗Бұхари, Муслим
((Хадисте бұл күн деп – ашураны, бұл ай деп – рамазанды айтқан.))
- Мүмкіндік болып жатса Ашура күнімен қосып бір күн алдын және бір күн кейін ораза ұстау - мұстахаб (ұнамды).
Дәлірек айтқанда, Мұхаррам айының тоғызы, оны және он бірі күндері оразамен өткізу - сауапты
(бұл күндер биыл, 2018 жылы қыркүйек айының 19, 20, 21-і күніне сай келеді).
Өйткені,
📗Имам Ахмет (رَحِمَهُ الله) риуаят еткен бір хадисте,
Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты:
«Ашура күні ораза ұстаңдар. Яхудилерге ұқсамау үшін алдында бір күн және кейін тағы бір күн тұтыңдар», – деген.
📗Имам Муслим (رَحِمَهُ الله) келтірген сахих хадисте,
Алла Елшісі (ﷺ) былай деген:
«Егер келесі Ашура күніне дейін аман болсам, Ашура күнінен өзге оның алдында бір күн, яғни, Мұхаррамның тоғызыншы күні де ораза ұстаймын»,
– деу арқылы Ашура күніне, тым болмағанда бір күн
қосып ораза ұстаудың ұнамды іс екенін айтып кеткен.
💬 Сондықтан мүмкіндігі бар кісілер Тек Ашура күні ғана
емес, бір күн алдын не бір күн кейін қосып ораза ұстағандары дұрыс болады.
Әйтсе де, тек Ашура күні ғана ауыз бекітемін деушілерге мархабат.